Алматыда жыл басынан бері 1173 әйелге ЭКҰ жасалды

716

Биыл 3 мың келіншек ана болу мүмкіндігіне бір қадам жақындай түседі. 

Алматыда жыл басынан бері 1173 әйелге ЭКҰ жасалды

Бұл туралы Алматы қаласының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, Медициналық сақтандыру Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының бюджетін едәуір арттыруға мүмкіндік берген. 

"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетінде Алматы қаласында медициналық көмекке ақы төлеуге шамамен 53,6 млрд теңге бөлді. Шығындардың көп бөлігі стационарлық медициналық көмекке бөлінді, бұл 27,9 млрд теңгеден асады. Өткен жылмен салыстырғанда жоғары технологиялық операцияларды қаржыландыру 2,1 млрд теңгеге артты. Егер 2020 жылы 11,8 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл сома 13,9 млрд теңгеге жетті. Биылғы жылдың 6 айында халыққа жоғары технологиялық қызмет көрсетуге 8,2 млрд астам теңге бөлінді", – деді Тілеухан Әбілдаев.

Осындай жоғары технологиялық қызметтердің бірі – экстрокорпоралды ұрықтандыру. 

"2020 жылы 563 млн теңге бөлініп, барлығы 643 монепуляция жасалды. Ал биыл ЭКҰ бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылған. Аталған сомаға 3245 жасанды ұрықтандыру процедурасы жасалуы тиіс. Яғни қызмет көлемі 5 есе артып отыр. Жыл басынан бері 1173 ЭКҰ процедурасы жасалып, оған 1,1 млрд теңге жұмасалды", – деді спикер. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу