Алматыда жыл басынан бері 19 жаңа ғимарат коммуналдық меншікке берілді

1090

Оның ішінде үш мектеп, алты көпқабатты үй, жедел жәрдемнің қосалқы станциясы, психиатриялық аурухана орталығының қосымша нысаны, учаскелік полиция бекеттері мен сауда павильоны.  

Алматыда жыл басынан бері 19 жаңа ғимарат коммуналдық меншікке берілді

Аталған нысандардың барлығы Алматы әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Серік Ибраев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кетерлігі, қабылданған 19 нысанның жалпы құны 12 млрд 245 млн теңгені құрайды.

"Бұлар – жаңадан салынған нысандар. Олардың ішінде Мамыр-1 шағын ауданындағы 1200 орынды жаңа мектеп ғимараты, сондай-ақ №123 және 164 мектептердің жаңа ғимараттары бар. Сонымен қатар үш жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Олар – патологоанатомия бюросы, жедел жәрдемнің қосалқы станциясы, психиатриялық аурухана орталығының кеңейтілген аймақтары. Алты көппәтерлі тұрғын үй коммуналдық тұрғын үй қорына қосу үшін Тұрғын үй саясаты басқармасына, алты учаскелік полиция пункті Алматы Полиция департаментінің балансына, бір сауда павильоны Туризм басқармасына берілді", - деді спикер.

Сонымен қатар, 75 жылжымайтын мүлік объектісі республикалық меншіктен коммуналдық меншікке өтті. Бұл тізімде Тұрғын үй саясаты басқармасына жекешелендіру үшін брілген 53 пәтер, Алматы теміржол ауруханасы, №9 Оқушылар үйіне бір ғимарат, Жетісу ауданындағы балаларға арналған орталық ашуға арналған ғимарат, Полиция бөлімінің емханасы, Арнайы жедел отрядтың взводы орналасатын бір ғимарат және басқалары бар.

Серік Ибраев жалпы құны 99,8 млн теңге болатын үш нысан сыйлық келісімі бойынша қабылданғанын айтты. Бұл Алмалы ауданындағы "Арка" өнер объектісі, сонымен қатар Төлебаев көшесі 25/18 мекенжайдағы ғимарат, ол қазір дайындық сыныптарын ашу үшін Білім басқармасына бекітілген.

Ал үшінші объект - Амангелді көшесі, 68А ғимараты, онда "Баум тоғайының" және оны жасаушылардың тарихына арналған мұражай экспозициясын құру жоспарлануда. Сонымен қатар гербарий қоры болады. Ғимарат "Медеу" МАТП балансына берілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу