Жыл басынан бері Алматы полициясы 305 есірткі қылмысын анықтады. Оның 76-сі есірткіні саудалаумен байланысты. Заңсыз айналымнан 212 келіден астам есірткі, оның ішінде 94 келі 750 грамм синтетикалық есірткі, 69 келі 205 грамм гашиш және 48 келі 719 грамм марихуана алынды.
"Алматы полициясы жыл басынан бері синтетикалық есірткі жасайтын ірі есірткі зертханасын жойды. Еріктілер мен белсенді азаматтардың арқасында есірткінің таралуы туралы ақпараты бар 4 748 граффити боялды", – деп хабарлады Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу