Алматыда жыл басынан бері 2 600 отбасы ажырасқан

393

Былтыр бұл көрсеткіш 1870-ті құраған еді. 

Алматыда жыл басынан бері 2 600 отбасы ажырасқан

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикер жалпы азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) жұмысына тоқтала отырып, мегаполис тұрғындары арасында отбасын құру мәселесінің оң динамикасын атап өтті. 

Мамандардың айтуынша, 2022 жылдың 8 айында Алматы қаласында 84 507 азаматтық хал актісі тіркелген.

"Бұл тізімде 48 200 туу және 12 326 өлім актісі бар. Сонымен қатар 19 367 неке туралы актісі есептелді. Айта кетерлігі, 2021 жылы дәл осы кезеңде 16 952 адам шаңырақ көтерген. Көрсеткіштерді негізге ала отырып, Алматы тұрғындары 2021 жылмен салыстырғанда некелерін жиі заңдастыра бастады деуге болады", – деді спикер. 

Бірақ Алматыда ажырасу азайған жоқ, жыл басынан бері некені бұзу туралы 2 608 жазба (2021 жылы –1 870) тіркелді. Тағы 2006 жазба тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге қатысты болды.

Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне түзетулер енгізілгенін хабарлады. Некені тіркеу мерзімі де қысқарды. Енді ол өтініш бергеннен кейін 15 күн ішінде жүзеге асырылады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу