Алматыда жыл басынан бері 28 адам қызылшамен ауырған

1365

Мамандардың пікірінше, бұның басты себебі халықтың екпе салдырмауы. 

Алматыда жыл басынан бері 28 адам қызылшамен ауырған

Мегаполисте жыл басынан бері қызылшамен ауырған 28 адам тіркелген. Бұл туралы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдагасимова мәлімдеді. 

"Қызылшаға шалдыққандардың басым бөлігі, яғни 82%-ы 1 жасқа толмаған балалар. Сонымен қатар 20-29 жас аралығындағы қала тұрғындары да қатерлі топта. Өткен жылдың сәуір, маусым айында қызылшамен ауырғандар саны күрт өскен. Кейін қараша айында да науқастар саны артты",– дейді департамент басшысы. 

Жалпы 2019 жылдың қараша айында 42 жағдай тіркелсе, желтоқсан айында бұл көрсеткіш 156-ға жетті. Эпидемиологтар қызылшаға шалдыққан науқастар саны үш есе артқанын айтады. Мамандардың пікірінше, бұның басты себебі халықтың екпе салдырмауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу