Алматыда жыл басынан бері 5 нысан кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді

Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абзал Егембердиев ӨКҚ брифингінде сенімгерлік басқармасына берілген нысандар туралы айтты. 

Алматыда жыл басынан бері 5 нысан кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді Фото: Егемен Қазақстан

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ережелеріне және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы үлгі шартқа сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Ереже).

Нысанды сенімгерлік басқаруға беру үшін уәкілетті мемлекеттік орган осы мәселені бұл сұраққа қатысты жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының төрағалығымен Алматы коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлік нысандарын оңтайландыру жөніндегі комиссияның қарауына енгізуі қажет. 

Нысанды сенімгерлік басқаруға беру e-qazyna.kz реестрінің веб-порталында тендер өткізу жолымен жүзеге асырылады, онда тендерді мемлекет үшін ең жақсы деген ұсыныстар жасаған қатысушы ұтады.

Биыл басқаруға берілген нысандар қатарында:

-  5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз 20 санитарлық-гигиеналық торап;

- 5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен мүгедектерді қолдау бойынша орталық ашу үшін Әуезов ауданы, 5 ықшам ауданы, 58 А мекен жайында орналасқан ғимарат;

- 5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз Алатау ауданы, Солтүстік айналым, 58/3 мекен жайы бойынша орналасқан ақыл-кемістігі бар адамдарға қолдау көрсетуге арналған "Тренинг-кафе" ашуға арналған ғимарат;

- Жетісу ауданының "Бақытты отбасы" орталығын ашу үшін Жетісу ауданы, Жансүгіров көшесі, 65/34 үй, Ломоносов көшесінің бұрышы мекен жайында орналасқан ғимарат;

- Алмалы ауданының "Бақытты отбасы" орталығын ашу үшін Наурызбай батыр көшесі, 106а мекен жайында орналасқан ғимарат бар.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу