Алматыда жыл басынан бері жалған нөмір таққан 350 көлік тіркелді

607

"Қауіпсіз көше" жедел-профилактикалық шарасы аясында бір тәуліктің ішінде заңсыз нөмір таққан 7 темір тұлпар анықталған. 

Алматыда жыл басынан бері жалған нөмір таққан 350 көлік тіркелді

Жыл басынан бері Алматыда жалған нөмір таққан 350 көлік тіркелген. Алайда жүргізушілер заң бұзуды тоқтатар емес. Мәселен, жуырда арнайы батальон қызметкерлері жалған нөмір тағып әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жүріп бара жатқан "Ауди" көлігін тоқтатқан. 

"1969 жылы дүниеге келген көлік жүргізушісіне қатысты "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізуші өзінің айыбын мойындап, аталған көлікті басқару құқығынан айрылды. Көлік арнайы тұраққа жеткізілді",– деді Алматы жол полициясында. 

Естеріңізге сала кетсек, 21-23 қараша аралығында Алматыда республикалық "Қауіпсіз көше" жедел-профилактикалық шарасы өтуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу