Алматыда жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері орта есеппен 11 өрт оқиғасы тіркеледі

Олардың 18%-ға жуығы пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алады.  

Алматыда жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері орта есеппен 11 өрт оқиғасы тіркеледі Фото: gov.kz

Алматы құтқарушылары қала тұрғындарын жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Төртқараев ӨКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің сөзінше, Алматыда жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері орта есеппен 11 өрт оқиғасы тіркеледі. Бұл ретте өрт оқиғаларының жалпы санының 18%-ға жуығы пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алады.

Соңғы 5 жылда 56 жағдай тіркелді, оның 10-ы пиротехника салдарынан болған.

"Өткен жылғы жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникалық бұйымдарға салғырт қарау салдарынан медициналық мекемелерге 39 адам (оның 29-ы балалар) жүгінген. Ауруханаға 8 адам жатқызылған, оның 7-уі балалар", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу