Алматыда жыл соңына дейін 1 мыңнан астам тұрғын жаңа баспанаға көшіріледі

451

Жыл басынан бері 432 тұрғын жаңа пәтерге қоныстанды.  

Алматыда жыл соңына дейін 1 мыңнан астам тұрғын жаңа баспанаға көшіріледі Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының іске асырылу барысына арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта қалада тұрғын үйді жаңарту бойынша 35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері ескі үйлердің 432 меншік иесі жаңа пәтерге қоныстанса, жыл соңына дейін тағы 1 165 тұрғынды жаңа баспанаға көшіру жоспарланған.

Кеңесте реновация жобаларының орындалу қарқыны талқыланды. Тұрғын үйлерді сатып алу және заңдық рәсімдерге байланысты қиындықтарға қарамастан, бірқатар нысанда жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқаны айтылды.

Осыған байланысты қала әкімі әрбір жобаға қосымша талдау жүргізуді және өз міндеттемелерін орындамай отырған компанияларға қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жиында сондай-ақ кварталдарды кешенді дамыту мәселесі қаралды. Бұл тәсіл тұрғын аудандардың жайлылығын арттырып, заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға және Алматының сәулеттік келбетін сақтауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу