Алматыда 2026 жылдың соңына дейін Индустриялық аймақта жалпы құны 12,6 млрд теңгені құрайтын 11 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Соның нәтижесінде 691 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жобалар аясында жылу және сумен жабдықтау жүйелеріне арналған жабдықтар, ПВХ парақтары, газоблоктар, тұрмыстық қағаз өнімдері, металл жол және көпір құрылымдары өндірісі жолға қойылып, заманауи логистикалық кешен салынады.
Сонымен қатар қалада жалпы аумағы 22 мың шаршы метрден асатын бес шағын өнеркәсіптік парк ашылады. Бұл бастама 400-ден астам қосымша жұмыс орнын құрып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді.