Алматыда жыл соңына дейін 6 жаңа кітапхана ашылады

354

Тамыз айының соңына дейін Құлагер, Жас Қанат және Ақсай шағынаудандарында жаңа кітапханалар пайдалануға беріледі.  

Алматыда жыл соңына дейін 6 жаңа кітапхана ашылады Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда заманауи кітапханалар желісін дамыту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тамыз айының соңына дейін Құлагер, Жас Қанат және Ақсай шағынаудандарында жаңа кітапханалар ашылады.

Жоба Алматыны дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында да жаңа кітапханаларды пайдалануға беру жоспарланған.

Қазіргі уақытта қалалық кітапхана жүйесіне 30 филиал кіреді. Олардың басым бөлігі жаңғыртылған, ал жетеуі тұрғындарға тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу