Алматыда жыл соңына дейін жаңа жеті зауыт іске қосылады

768

Алматыда жыл соңына дейін жаңа жеті зауыт іске қосылады

2017 жылы Алматының индустриялық аймағында жаңа жеті зауыт іске қосылады. Бұл туралы  өндірістік аймақтың директоры Әділ Бөрлібаев мәлім етті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған LS.

Олардың қатарында  қағаз ыдыс өндірісі, пайдаланылған майларды қайта өңдеу кәсіпорны, мұнай өнеркәсібіне арналған құбыр шығаратын қазақ-қытай бірлескен зауыт бар.

"Ол кәсіпкерлерге соңғы шығынды азайту үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған", – деп түсіндірді Бөрлібаев.

Индустриялық аймақта өндірісті орналастыру үшін жер учаскесін жалдау ақысы жылына әр шаршы метріне бар болғаны  42 теңгені құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу