Алматыда жылдам тамақтану желісінің дүкені өртенді

Өрттің себебі анықталуда. 

Алматыда жылдам тамақтану желісінің дүкені өртенді Фото: zakon.kz

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Сейфуллин даңғылы, 541-үй мекен-жайында шыққан. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өрт сөндірушілер келгенде бос тұрған гамбургер сататын дүңгіршек ашық жалынмен жанып жатты. Оның жанындағы ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу