Алматыда жылу 28 қыркүйектен бастап беріледі

568

Бұған шаһардағы жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын. 

Алматыда жылу 28 қыркүйектен бастап беріледі

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов хабарлады. 

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын", – деп жазды мегаполис басшысының баспасөз хатшысы желідегі ресми парақшасында. 

Бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Оның ішінде балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандары бар. Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады. 

Қалада барлығы 444 білім беру, 133 денсаулық сақтау нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда жылу 15 қазаннан кейін, яғни, үш күн бойы ауаның тәуліктік орташа температурасы 8 градустан төмен болғанда берілетін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу