Алматыда жылу беру маусымы 15 қазанда басталады

565

Бірақ күн салқындап кететіндей жағдай туындаса жылу ертерек берілуі мүмкін.

Алматыда жылу беру маусымы 15 қазанда басталады

Мамандар Алматыда ауа температурасы бес күн қатарынан 8 градусты көрсетсе, жылу ерте береміз деп отыр.

Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарлады.

15 қазанда алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастайды. Олар: емханалар, ауруханалар мен балабақшалар. Сосын әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер.

"Қаладағы барлық құбыр жылу беруге дайын. Егер 8 градустық температура бес күн бойы сақталатын болса жылу сол кезде беріледі. Былтыр ерте берілді. Бірақ ол арнайы ережеге сай әрі ауа-райына да байланысты болады", – деді "Алматы жылу жүйелері" ЖШС бас инженері Данияр Қазметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу