Алматыда жылу беру маусымы қалыпты өтуде

640

Мегаполисте жылыту маусымы 17 қазанда басталған болатын. Ал, Алматы тұрғындары "Алматы жылу желілеріне" шамамен 1,3 млрд теңге қарыз. 

Алматыда жылу беру маусымы қалыпты өтуде Фото: inform.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "Алматы жылу желілері" ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Қазір жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде, температуралық және гидравликалық режимдер кестеге сәйкес сақталуда", - деді Д.Қазымбетов.

Дегенмен, оның айтуынша қала тұрғындарына жыл үшін "Алматы жылу желілеріне" шамамен 1,3 млрд теңге қарыз болып отыр.

Коммуналдық қызмет мәліметі бойынша, 2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде 1352,33 км жылу желілері алдын ала дайындалды. Оның 60%-ы, яғни 811,5 шақырымының тозығы жеткен, пайдаланылғанына 25 жылдан астам уақыт өткен. Биылғы жылы 4,7 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. 2023 жылы 17,2 шақырым жылу желілерін реконструкциялау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ брифингте "Алматы электр станциялары" АҚ бас инженері Ғазиз Исмұхамбетов сөз сөйлеп, 30 күнге жететін отын қоры (норматив  бойынша  20 күн) барын айтты. Газға қатысты қиындық туып отырған жоқ

Жалпы, Алматы қаласының коммуналдық мекемелері жылыту маусымы басталмас бұрын 8 467 көпқабатты тұрғын үй, 216 мектеп, 197 балабақша, 129 аурухананы тексеріп, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу