Алматыда қаланың оңтүстік бөлігінің жылу энергиясының тапшылығы ірі қазандыққа реконструкция жүргізілген соң 1,5 есе азаятын болады, деп хабарлайды almaty.tv.
"Оңтүстік қазандықтағы су жылытатын үш ескі қазандықты газбен жұмыс істеп, сағатына 130 гигакалорий жылу энергиясын беретін заманауи қондырғыларға алмастыру жылу көлемін 41%-ға арттыруға мүмкіндік береді",– деді қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.
Ең алдымен, ірі ықшамауданға тең 120 нысандар, тұрғын үйлер, медицина және білім мекемелері, басқа да нысандар сапалы жылумен қамтамасыз етіледі.
Алматыдағы жылу көзінің 4% беретін Оңтүстік қазандығын модернизациялау жылудың көлемін 2 есе арттырады екен. Нәтижесінде бүгінгі күні 49,8 мың тұрғыны бар 13,1 мың пәтер мен заңды тұлғалардың 850 нысаны жылумен қамтылады.