Алматыда жылу құбыры істен шықты

421

1976 жылы пайдалануға берілген құбыр істен шықты.

Алматыда жылу құбыры істен шықты Фото: Аtr.kz

Бостандық ауданының  Розыбакиев - Қожанов - Гагарин - Короленко көшелерінің аумағындағы бірқатар тұрғын және өзге де ғимарат магистральдық жылу желісі учаскесінің біріндегі апатқа байланысты жылу беру тоқтатылды. Бұл туралы Inbusiness.kz "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап хабарлайды.

1976 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм құбырдың істен шықты, "Алматы жылу желілері" ЖШС апатты жоюмен айналысып жатыр.

"Аталған секторға жылу мен ыстық су беруді жарым түнге дейін қалпына келтіру жоспарланған. Бұл ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауын өтінеміз", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу