Алматыда жылу құбыры жарылуы салдарынан 100-ге жуық нысан жылусыз қалды

491

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жылу магистралі шамамен сағат 17:00-да жарылды. Апатқа құбырдың тозуы себеп болған.

Алматыда жылу құбыры жарылуы салдарынан 100-ге жуық нысан жылусыз қалды

Алматыда Гоголь мен Шәріпов көшелерінің қиылысында жылу магистралі жарылып, бірқатар тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды, деп жазады  inbusiness.kz.

"Жылу трассасы 30 жылдан астам уақыт бұрын – 1986 жылы пайдалануға берілді. Соңғы жылдары бұл аумақта құбырдың тозуына байланысты 17 апат болған, бүгінгісі - 18-ші оқиға. Зақымдалған құбырды және зақымдалған жерді анықтау жұмысы жүріп жатыр. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мамандары құбырды жөндеп жатыр. Барлығы 3 техника мен 18 адам жұмылдырылды",- делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Диаметрі 400 мм болатын зақымданған құбырды жөндеу үшін ауданды ыстық сумен жабдықтау уақытша өшірілді.

Қазіргі уақытта 67 көппәтерлі және 2 жеке үй, 6 білім нысаны және 20-дан астам басқа нысандар уақытша жылусыз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу