Алматыда жылу құбырында болған апат салдарынан 2 тоннадай балық қырылды

781

Кәріз жүйесіндегі лас су жеке кәсіпкердің тоғанына құйылған. Салдарынан шаруашылықтағы аналық бас – дөңмаңдай, сазан, тұқы және мөңке, барлығы 2 тоннаға жуық балық өліп қалды. 

Алматыда жылу құбырында болған апат салдарынан 2 тоннадай балық қырылды

Алматыдағы жылу құбырының апаты салдарынан Первомай кентінде балықтар жаппай қырылып қалды, деп хабарлайды Atameken Business.

Кәріз жүйесіндегі лас су жеке кәсіпкердің тоғанына құйылған. Салдарынан шаруашылықтағы аналық бас – дөңмаңдай, сазан, тұқы және мөңке, барлығы 2 тоннаға жуық балық өліп қалды. Бұл туалы қожалық директоры хабарлады.

Оқиға орнына облыс әкімдігінің өкілдері, экология және ветеринария инспекциясының  қызметкерлері барды. Қазір өлген балықтарды жинау және қайта өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу