Алматыда Шәріпов көшесінде (Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысы) болған жылу трассасындағы апаттың салдары жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сілтеме жасап.
"11 қарашаға қараған түні сағат 01.50-де "Алматы жылу желілері" ЖШС бригадасы диаметрі 400 мм құбырды қалпына келтірді. Тексерістен соң жылу магистралі іске қосылды, сағат 2.40-та жылу беріліп, қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", – деп хабарлады басқарма.
Сонымен қатар, Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Ауа райы қолайлы болса асфальт жабындысын 13 қарашаға дейін жөндеу жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу