Алматыда жылу магистралі жарылып, 4 адам зардап шекті

743

Көпқабатты үйдің 7 пәтері мен тұрақта тұрған 8  көлікке зақым келді.

Алматыда жылу магистралі жарылып, 4 адам зардап шекті

Алматы жылу желілері кәсіпорнында төтенше жағдай таңғы 4 шамасында Пушкин көшесінен өтетін учаскеде болғанын мәлімдеді. 1993 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі құбыр жарылып кеткен. Салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Көпқабатты үйдің 7 пәтері мен тұрақта тұрған 8  көлікке зақым келді. Барлық келтірілген шығындар көлемі есептелген соң заң шеңберінде өтелетін болады", – деді Алматы жылу желілері кәсіпорнынан.

Алматы коммуналдық қызметтері апаттың салдарын жоюға кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу