Алматыда жылу маусымына дайындық тексерілді

94

Әкім қаланың жылыту нысандарын аралап, олардың техникалық жағдайымен танысқан.  

Алматыда жылу маусымына дайындық тексерілді Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Дархан Сатыбалды алдымен Медеу ауданында орналасқан Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығына барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл нысан 590 ғимаратты жылумен қамтамасыз етеді. Қазандықтың негізгі отын түрі – табиғи газ, ал жалпы қуаты – 208 Гкал/сағ. Мұнда қысқы маусымға дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілгені айтылды.

Содан кейін Алматыдағы ірі ЖЭО-2 нысанын аралады. Қуаты 1411 Гкал/сағ құрайтын нысанда 664 қызметкер жұмыс істейді. Жылу орталығы жаңғыртылып жатыр. Бүгінгі күні нысандағы жһндеу жұмыстары 80%-ға аяқталған. Бұл кәсіпорын өкілдері де барлық жұмыстар белгіленген мерзімде толық аяқталатынын мәлімдеді.

Сонымен бірге әкім ЖЭО-1 нысанының жұмыс барысымен танысты. Орталық толықтай газбен жұмыс істейді және қаланың орталық пен шығыс бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Қуаты 1203 Гкал/сағ. Мұнда 357 қызметкер еңбек етеді. Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Ал толық дайындық 30 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жағдаймен танысқан Дархан Сатыбалды жылу беру маусымына дайындықты өз бақылауында ұстайтынын айтып, жылыту маусымына дайындықты уақытында аяқтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу