"Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметінше, сынақтар күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін өтеді. Осы уақытта мамандар магистральдық және тарату құбырларының беріктігін тексереді.
Жұмыс кезінде қауіпсіздік шаралары сақталғанымен, кей жерлерде ыстық судың жер бетіне шығуы немесе жол жабынының зақымдануы сияқты жағдайлар болуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға мұндай аумақтарға жақындамауды және қауіпті жерлерді өз бетінше тексермеуді ескертеді. Күтпеген жағдай байқалса, 109 нөміріне немесе "Алматы жылу жүйесінің" 351-27-62 телефонына хабарлау қажет.
Жылу жүйелерін сынау кестесі:
9 қыркүйек
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев;
Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов.
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.
Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, 2, 3, 4 шағынаудандары; Көкмайса шағынауданы; Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодар.
9-10 қыркүйек
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Райымбек – Куратов – Гоголь.
9-18 қыркүйек
Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас шағынауданы – "Алматы" шипажайы – Саин – әл-Фараби – Қазақфильм шағынауданы – Рысқұлбеков – Әбіш Кекілбайұлы – Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағынауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев;
Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Қожанов – әл-Фараби – Алмагүл шағынауданы;
Орбита-1, 2, 3, 4 шағынаудандары – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов;
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы.
10 қыркүйек
Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, Серіков – Ратушный көшелері; Рысқұлов – Жансүгіров – Тихов – Глазунов;
Наурызбай ауданы: Жобаланатын көше – Айтбаев – Райымбек – Алты-Алаш.
10 және 11 қыркүйек
Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені.
10-18 қыркүйек
Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Назарбаев – Сәтбаев – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені.
11 қыркүйек
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.
11-18 қыркүйек
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский.
14 қыркүйек
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи.
15 қыркүйек
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағынауданы.
15 және 16 қыркүйек
Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Ясауи – Емцов.
16 қыркүйек
Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Немирович-Данченко;
Алмалы ауданы: Шокин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.
17 қыркүйек
Алатау ауданы: Ақ-Қайнар – Мәмбетов – Үлкен Алматы каналының (ҮАК) оңтүстік жағы.
17-18 қыркүйек
Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.
18 қыркүйек
Жетісу ауданы: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.