Алматыда жылу желілерінің жартысынан астамы тозған

808

Алайда оны жөндеуге қаржы жеткіліксіз.  

Алматыда жылу желілерінің жартысынан астамы тозған

Бұл туралы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы таратқан хабарламада жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басқарма мәліметінше, жыл басында жылу желілерінің тозу деңгейі 62,4% құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға жоғары. Ал оларды жаңарту жұмыстарына қаржы тапшы.

Сонымен қатар қалада жаңа нысандардың салынуына байланысты құбырлардың ұзындығы 1,3 мың шақырымға немесе 3,44%-ға дейін артқан. 

"Тозу деңгейін төмендету үшін жыл сайын 40 шақырымнан астам жылу желілерін қайта жаңғырту қажет. Оған жылына 26 млрд теңгеден аса инвестиция қажет", – деп хабарлады әкімдікте.

Алайда шаһарда жөндеу жұмыстары талап етілгеннен әлдеқайда аз жүргізілуде. Мәселен, 2017 жылы 15,6 млрд теңгеге 24,6 шақырым желілер жаңартылса, 2020 жылы 129,4 млн теңгеге 500 метр желі, 2021 жылы 3,77 млрд теңгеге 8,2 шақырым желіні жаңарту жоспарланған.

"Егер инвестициялар 2021 деңгейінде қалса, жылу желілерінің тозуы жыл сайын 0,2%-ға төмендейді деп болжанып отыр", – деп хабарлады ведомство. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу