Алматыда зілзала кезінде дабыл неге іске қосылмады?

626

Ресми деректерге сәйкес, оңтүстік астанада 834-ке жуық дабыл жүйесі бар. 

Алматыда зілзала кезінде дабыл неге іске қосылмады? Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желідегі парақшаларда алматылықтар дабыл жүйесі іске қосылмағанын айтып, телефонға смс хабарландыру кеш келгенін жарыса жазды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, дабыл жүйесі халық арасында үлкен дүрбелең туғызуы мүмкін еді.

"Сиреналар сейсмикалық стансалар 5,5 балдан асатын магнитудаларды тіркеген кезде іске қосылады. Бұл жағдайда ондай сезілу болмады. Бізде 4-тен 5 балға дейін тіркелді. Сол себептен дабылды іске қосудың қажеттілігі де, мәні де болмады, ол одан сайын дүрбелең туғызар еді", - деп түсіндірді брифингте Алматы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев. 

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, Алматыда жылына 20-ға жуық сейсмикалық дүмпу тіркеледі. 

"Тұрғындар біздің сеймикалық қауіпті аумақта тұратынымызды түсінуі қажет. Біз жер сілкінісіне әрдайым дайын болуымыз керек. Зілзаланы тоқтату мүмкін емес, бірақ біз жойқын жер сілкінісіінің салдарларын, зардапты төмендете аламыз. Түнде болған жер сілкінісі қаланың инфрақұрылымына, Алматы тұрғындары мен облысқа ешқандай қауіп әкелген жоқ. Эпицентр көршілес елде, нақты айтқанда, Алматыдан 265 шақырым дерде орналасқанын атап өтуіміз керек", - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу