Өрт сөндipушiлер 4 минутта келгенде зоотауарлар сататын дүкен ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Көршi ғимаратқа таралу және қатты сезiлген газдың иiciнен жарылыс қаупi туындады. Оқиға орнына шұғыл түрде авариялық газ қызметi келiп, газ беру жүйесi ажыратылды. Қабылданған шаралар арқылы қызыл жалын жарты сағатта ауыздықталып, көршi ғимараттарға таралу қаупi алынды.
Оқиға орнында ТЖ Департаментiнен 75 қызметкер мен 17 бipлiк техника, Апаттар медицина орталығының мед қызметкерлерi 3 қызметкер мен 1 бipлiк техника және Полиция департаментiнен 6 қызметкер мен 2 бipлiк техника жұмыстар атқаруда. Оқиға орнынан медициналық жедел жәрдем бригадасымен 1963 жылы туған көршi тұратын әйел адам электр жарақатын алып, 7 ҚКА-ға жеткiзiлдi.