Алматыда "AppleTeam" құрлықтық велокомандасы таныстырылды

703

Алматыда "AppleTeam" құрлықтық велокомандасы таныстырылды

Алматыда "Спорттық Алматы" бұқаралық спорт түрін дамыту жөніндегі қалалық бағдарламасы аясында жыл сайынғы веложүгірудің жаңа маусымы ашылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алғашқы веложүгіруге 2 мыңнан астам адам қатысты. Олар жеңімпазды анықтауға болатын нөмірлерді бөліп алды.

Веложүгіру әл-Фараби мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан бастап Тұңғыш президент саябағына дейін жалғасты. Жалпы ара қашықтық – 9 шақырым.

Шара аяқталған соң Алматының жаңа құрлықтық велокомандасы "AppleTeam" таныстырылды. Бұл команда қаланың мәртебесін әртүрлі халықаралық сайыста қорғайды. Сондай-ақ қонақтар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Бас жүлде – электрлі велосипед. Сыйлықты Сергей Жилков ұтып алды.

"Мен сыйлықты ұтқаныма өте қуаныштымын. Күтпеген жерден болды. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Енді қалалық веложарыстарға жиі қатысамын. Бүгін мен алғаш рет қатысып отырмын, бұл шара өте ұнады", – дейді Сергей Жилков.

Айта кетейік, велосипедшілер маусымының ашылуына Қазақстанның танымал спортшылары мен әртістер қатысты.

Айта кетейік, "Спорттық Алматы" ауқымды қалалық бағдарламасы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. 2016 жылы бағдарлама аясында 21 шараға 19 мың адам қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу