Еске сала кетсек, желіде аталған мекеме тәрбиеленушілерінің қара шай ішіп, нан жеп отырған бейнежазбасы тараған.
Осы жайттан кейін Алматы қаласы білім басқармасы "№164 бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік балабақшасында балаларды тамақтандыру сапасыз ұйымдастырылады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Осы жағдайға қатысты жан-жақты тексеру жүргізу үшін мониторингтік топ құрылды. 20 наурызға дейін бақылау комиссиясы өз жұмысын аяқтауы тиіс. Қазір Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға кетті. Тексеру нәтижелері қосымша берілетін болады", – деп хабарлады басқармада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу