Алматыдағы 18 коронавирустық стационарда 1 774 төсек-орын ашылды

827

Қазіргі кезде инфекциялық ауруханаларда 792 науқас ем қабылдауда.  

Алматыдағы 18 коронавирустық стационарда 1 774 төсек-орын ашылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 18 ковидті стационарда 1 774 төсек-орын ашылған. Сонымен қатар өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 146 жағдайы тіркелді, оның ішінде 136-сы індет белгілері бар, 10-ы симптомсыз.

"Коронавирустық стационарларда 792 науқас, оның ішінде 20 бала. Барлық инфекциялық стационарларда  ӨЖЖ және High flow аппараттары бар. Реанимация бөлімшелерінде 81 адам емделуде. Дәрігерлер мен қызметкерлер саны да жеткілікті", – деді Лаура Мырзағали.

Айта кетерлігі, дәрігерлер үйде емделіп жатқан 1 418 пациентті қашықтан бақылауда, оларға күн сайын Телемедицина орталығынан қоңырау шалынады әрі мобильді бригадалар жіберіледі.

Бұл ретте Лаура Мырзағали қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының айтарлықтай төмендегенін, алайда жағдайды тұрақтандыру және жаңа инфекциялардың алдын алу үшін барлық науқастар мен вакцина салдырғандарға ревакцинация жүргізу ұсынылатынын атап өтті. 

"Бұл процедура тегін және баршаға қолжетімді. Бүгінде вакцинация басталғаннан бері I компонентпен 1 006 564 адам, II компонентпен 946 920 адам егілді. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 121 498 адам", – деді спикер. 

Еске салсақ, қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет және спорт нысандарында, базарлар мен СОСО-да 132 вакцинация пункті бар. Онда 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы жұмыс істейді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу