Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Аудандық әкімдіктердің жанынан құрылған комиссия ол нысандардың барлығын аралап шыққан.
"Қабырғалардағы жеңіл жарықшақтар ғимараттың беріктігіне әсер етпейді. Адам өміріне қауіп төндірмейді. Оларды ағымдағы жөндеу арқылы қалпына келтіруге болады", - дейді Асқар Әмрин.
Жуық арада Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары 188 ғимараттың барлығына сараптама жасап, ресми қорытындысын жариялайды.
"Барлық жеке көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі сызат пен жарықшақ жеке қаражат есебінен жөнделеді. Ал қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына кіретін ғимараттарға бекітілген тәртіп бойынша бірінші кезекте қаражат бөлінеді. Сол қаражатқа ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.