Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы 158,4 млрд теңге несие сомасында 1876 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
"Алматы бизнес-2025" өңірлік бағдарламасы бойынша, 899 жұмыс орнын құрумен 153 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, "Даму" қорымен бірге және аймақтық Almaty Business бағдарламасы аясында, 6% сыйақы мөлшерлемесі бойынша Jana Business қосалқы өнімі құрылды. Оның несие сомасы 100 млн теңгені құрады (шағын индустриялық парктер үшін – 500 млн теңге, несие мерзімі – 7 жылға дейін). Барлығы, 5 миллиард теңгенің 71 жобасына қолдау көрсетілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу