Алматыдағы №2 ЖЭС-ын газға ауыстыруға қажетті 98 млрд теңге банктен алынуы мүмкін

677

Әзірге бұл жұмыстардың шығыны 98 млрд теңгені құрайды деп есептелген.  

Алматыдағы №2 ЖЭС-ын газға ауыстыруға қажетті 98 млрд теңге банктен алынуы мүмкін

Алматыдағы 2-ші Жылу электр орталығы толықтай газға көшіріліп, қазандықтар жаңартылады, деп хабарлайды Аtameken Business.

Ал қаржыландыру көзі екінші деңгейлік банк арқылы жүргізілуі мүмкін. "Самұрық-Энерго" ұлттық компаниясының Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов арнамызға эксклюзивты сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді. Дегенмен, қазір қаржы тартуға байланысты нақты шешімдер шығарылмапты. Ал газдандыру жобасы 2019 жылы бекітілген. Оған сәйкес "жол картасы" да құрылған. Бұл бірінші кезекте оңтүстік астананың экологиясын қорғау мақсатында, әрі тұрғындардың өтініші негізінде қолға алыныпты. Жоспарлау барысында жаңа станция да салу қаралған болатын. Бірақ оның шығыны ұлттық компания үшін тым қымбатқа шығыпты - 275 млрд теңге.

Алматыдағы 2-ші Жылу электр орталығы толықтай газға көшіріліп, қазандықтар жаңартылады, деп хабарлайды Аtameken Business. Ал қаржыландыру көзі екінші деңгейлік банк арқылы жүргізілуі мүмкін. "Самұрық-Энерго" ұлттық компаниясының Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов арнамызға эксклюзивты сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді. Дегенмен, қазір қаржы тартуға байланысты нақты шешімдер шығарылмапты. Ал газдандыру жобасы 2019 жылы бекітілген. Оған сәйкес "жол картасы" да құрылған. Бұл бірінші кезекте оңтүстік астананың экологиясын қорғау мақсатында, әрі тұрғындардың өтініші негізінде қолға алыныпты. Жоспарлау барысында жаңа станция да салу қаралған болатын. Бірақ оның шығыны ұлттық компания үшін тым қымбатқа шығыпты - 275 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу