Алматыдағы №3 жылу-электр орталығын газға ауыстыру жұмыстары 2023 жылы басталмақ. "Самұрық-Энерго" АҚ-ның даму және сауда-саттық жөніндегі басқарушы директоры Марат Ұлданов осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"№3 жылу электр орталығы қазір техникалық-экономикалық негіздемесін жасап жатыр. Жұмысын газға көшіруді 2023 жылы бастаймыз. 2025 жылы бір жобаны аяқтаймыз. Қалғандары осы ретпен жалғасады", – деді компания өкілі.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу