Алматыдағы 4 ауданның бірқатар ғимараты ыстық судан уақытша ажыратылады

428

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыдағы 4 ауданның бірқатар ғимараты ыстық судан уақытша ажыратылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Ыстық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер 7 тамыздан бастап Алматыдағы төрт ауданның аумағында сегменттік түрде енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Ыстық су келесі көшелер мен тұрғын үйлердің контурында орналасқан тұрғын және басқа ғимараттарға берілмейді:

1) Түрксіб ауданы:

  •  7-11 тамыз аралығында Сейфуллин-Терехин-Дулатов-Ақан сері көшелерінің контурында;
  •  21-25 тамыз аралығында - Физкультурная-Аймауытов-Щербаков-Чехов көшелері;

2) Жетісу ауданы:

  • 21-25 тамыз аралығында-Беспаков-Жансүгіров-Жұмабаев-Омаров көшелері;

3) Наурызбай ауданы:

  •  7-8 тамыз аралығында-Жүнісов-Райымбек-Алтын орда-Абай көшелері;

4) Медеу ауданы:

  • 14-18 тамыз аралығында-Блок-Үштөбе-Тәтібеков-Гурилев көшелері;
  • 14-19 тамыз аралығында - Казачка өзені – Құлжа трактісі-Атырау-1 - ықшам ауданы.

Жергілікті шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі, делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу