Алматыдағы 45 мың орындық жаңа стадионның қандай болатыны көрсетілді

363

​Нысан 45 мың орынға арналған.

Алматыдағы 45 мың орындық жаңа стадионның қандай болатыны көрсетілді Фото: бейнежазбадан

Алматы қаласында бой көтеретін жаңа стадионның қандай болатыны бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видео Алматы қаласы даму орталығының Instagram парақшасында пайда болды.

"Бүгін – құрылыс алаңы, ертең – 45 мың жанкүйерді жинайтын футбол стадионы. Арена УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай салынып, халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдамақ", – делінген жазбада.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда салынатын жаңа стадионның сыйымдылығы 45 мың орынға ұлғайтылуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Нысан 2028 жылы пайдалануға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу