Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үндеу жасады

3534

Бүгін, 4 наурыз күні Алматы қаласында 5 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үндеу жасады Фото: видео скриншот

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев тұрғындарға үндеу жасап, үрейге бой бермеуге шақырды.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қала аумағында қатты жер сілкінісі сезілді, алайда үрейге бой бермеуге шақырамын. Бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін ғимараттар мен тұрғын үйлерден шығыңыз. Жақын орналасқан қабылдау пункттеріне баруыңызды сұраймын. Тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамын", - делінген үндеуде.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.

MPV магнитудасы 6.1.

Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.

Тереңдігі 10 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу