Алматыдағы 7 жасар қыздың өлімі: Прокурор өгей шешесін 20 жылға соттауды сұрады

1663

Прокурордың сөзінше, жағдайды жеңілдететін және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. 

Алматыдағы 7 жасар қыздың өлімі: Прокурор өгей шешесін 20 жылға соттауды сұрады Фото: ашық дереккөз

Алматы прокуратурасы 7 жасар Карина Закураеваны өлтірді деп айыпталған өгей анасын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

7 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша тараптар арасындағы пікірталас кезінде прокурор айыпталушыны 99-баптың 3-бөлімі 99-баптың 3-бөлімі “кәмелетке толмаған адамды өлтіру” бойынша жазалауды сұраған. Баланы өлтірді деген күдікті, қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек.

Прокурордың сөзінше, жағдайды жеңілдететін және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

"Мүлікті тәркілеуге негіз жоқ. Қылмыстың ауырлығын ерекше ауыр санат ретінде ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймыз.Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды жөн деп санап, соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрайды. Қамауда болған уақытын ескере отырып. Сондай-ақ сотталушыдан процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК мөлшерінде төлем өндірілсін", – деді прокурор.

Айта кетейік, бұл осы бапқа сәйкес ең ұзақ жаза мерзімі.

Өз кезегінде жәбірленушілердің адвокаттары, өлтірілген қыздың туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын және сотталушыдан қыздың әжесінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұраған.

Еске салсақ, былтыр шілде айында Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікпен қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек қамауға алынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу