Алматыдағы Абай, Сейфуллин және Әл-Фараби даңғылдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындады

466

Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. 

Алматыдағы Абай, Сейфуллин және Әл-Фараби даңғылдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Абай даңғылының Розыбакиев көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 10 тамыз сағат 23-00-ден 12 тамыз сағат 06-00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағы толық жабылатын болады. Сонымен даңғылдың көлік жүретін бөлігінде орташа жөндеу жұмысары аяқталады.

Жабық учаскені айналып өту Сәтбаев, Кіші Абай, Тілендиев, Розыбакиев көшелері мен іргелес көшелер арқылы жүзеге асырылады. Розыбакиев, Тұрғұт Озал, Брусиловский және Тілендиев көшелерінің қиылыстары ашық болады.

Қарасу, Кәрімов және Түркебаев көшелерінің қиылысындағы съездер бойынша жол жүру шектеледі, айналма жол Есенжанов көшесі бойынша ұйымдастырылады.

Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары Алматы-1 теміржол вокзалынан Ақан сері көшесіне дейін аяқталған болатын. Ендігі соңғы бөлік Ақан сері көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскеде полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 11 тамыз сағат 23-00-ден 13 тамыз сағат 07-00-ге дейін даңғылдың бойы толық жабылатын болады.

Жабық учаскені Кассин, Рудаки, Артиллерийская, Жансүгіров және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.

Успенский, Ақан Сері көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы ашық болады.

Әл-Фараби даңғылындағы жолдың оңтүстік жағындағы жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал солтүстік жағымен Достық даңғылынан Гагарин даңғылына дейін асфальтбетон жабыны төселді.

Ауа-райы қолайлы болған жағдайда 12 тамыз сағ.23:00-ден 14 тамыз 07:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының соңғы Дулати даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, уақытша көлік қозғалысы шектеледі.

Жөндеу аумағын Торайғыров және Мұстафин көшелерінің бұрылыстары мен айналма жолдары арқылы айналып өтуге болады.

Жол таңбаларын салу жұмыстары Абай және Әл-Фараби даңғылдарында басталды. Сейфуллин даңғылында жол таңбалары жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін салынады.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. 8-10 жыл пайдалануға болады.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

2023 жылғы 10 тамызда сағат 23:00-ден 12 тамызда сағат 6-ға дейін Абай даңғылындағы уақытша айналма сызбасы:

  • № 34-батыс бағытта – Абай даңғылы-Розыбакиев көшесі-Сәтпаев көшесі-Тілендиев көшесі-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
  • №34 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • № 25-батыс бағытта – Абай даңғылы-Розыбакиев көшесі-Сәтпаев көшесі – Тілендиев көшесі-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
  • №25 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • № 128-батыс бағытта – Абай даңғылы-Розыбакиев көшесі-Сәтпаев көшесі-Тілендиев көшесі-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
  • №128 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • № 118-батыс бағытта – Абай даңғылы-Гагарин даңғылы-Сәтпаев көшесі-Тілендиев көшесі-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
  • №118 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • № 3-батыс бағытта – Абай даңғылы-Розыбакиев көшесі-Сәтпаев көшесі – Тілендиев көшесі-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
  • №3 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • № 92 – батыс бағытта – Абай даңғылы-Гагарин даңғылы-Сәтпаев көшесі-Тілендиев көшесі-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
  • №92 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • № 57 – батыс бағытта – Абай даңғылы-Гагарин даңғылы-Сәтпаев көшесі-Тілендиев көшесі-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
  • №57 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • №132 – оңтүстік бағытта-Брусиловский к-сі-Сәтпаев к-сі-Тілендиев к-сі-Төле би к-сі - "Тілендиев к-сі"ББ/п-ға көшіру;
  • №132 – кері бағытта – "Тілендиев к - сі" ББ – Төле би к – сі-Розыбакиев к-сі-бұдан әрі схема бойынша қозғалыстың басталуы;
  • ТП25 - батыс бағытта – Абай даңғылы-Әуезов көшесі – Жандосов көшесі-Алтынсарин даңғылы-Шаляпин көшесі-Момышұлы көшесі - "Марғұлан көшесі" к / к;
  • TP25 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • ТП5 - батыс бағытта – Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Сәтпаев көшесі-Шаляпин көшесі-Саин көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
  • TP5 - кері бағытта – өзгеріссіз;
  • ТП19-қозғалысы 3:00-ден 10.08.2023 ж. 06:00-ге дейін 12.08.2023 ж. дейін шектеледі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу