Алматыдағы аграрлық университетте өрт шықты

269

20 қараша күні таңертең Алматының Медеу ауданында төрт қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыдағы аграрлық университетте өрт шықты Фото: бейнежазбадан

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жедел жеткен.

Куәгерлердің айтуынша, таңғы сағат 05:00 шамасында Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің маңында қою түтіннің иісі сезілген. Көп ұзамай оқиға орнына бірнеше полиция экипажы мен өрт сөндіру көлігі келген.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда өрттің Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аумағында болғаны көрінеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама таңертең түскен. Құтқарушылар Абай даңғылы бойындағы төрт қабатты ғимаратқа жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.

Ведомствоның хабарлауынша, жалын ғимараттың екінші қабатынан тұтанған. Өрт 126 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметінің күшімен екі адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Оқиға салдарынан ешкім қаза тапқан жоқ, зардап шеккендер де тіркелмеген. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу