Алматыдағы айыптұрақта мыңнан аса мопед тұр

199

Өткен демалыс күндері мегаполис жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған.

Алматыдағы айыптұрақта мыңнан аса мопед тұр Фото: Depositphotos

Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы деректерді анықтау және жолын кесуге бағытталған “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қалалық полиция департаменті мәліметінше, өткен демалыс күндері мегаполис жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Оның басым бөлігін электросамокат пен мопед пайдаланушылары жасаған. Жалпы самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері 4 800 мопед жүргізушісі және 5 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– 100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Оның айтуынша, кең ауқымды рейдтер нәтижесінде мыңнан аса мопед, сондай-ақ, 3 мың 625 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.

– Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген, – деді Серік Шумаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу