Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 510-514 теңгеден сатылуда

940

Биржада валюта бағамы өсті. 

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 510-514 теңгеден сатылуда

Қазақстан қор биржасында (KASE) 4 наурызда сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 497,02 теңгеге жетті, деп жазды inbusiness.kz.

3 наурыз күні таңертеңгі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 489,57 теңге) ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 7,45 теңгеге әлсіреді. Ал сағат 15:00-де АҚШ валютасы мен теңге жұбы бойынша биржадағы соңғы мәміле 500 теңгеге жасалды. 

Kurs.kz хабарлауынша, сағат 15:00-де Алматыдағы ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 510-514 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар 512-512,5 теңгеден саудалануда.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу