Алматыдағы алып "тиін" бұзылмауы мүмкін

1120

Атакент маңында пайда болған алып тиін мүсінін орнатуға 23 млн теңге жұмсалған. 

Алматыдағы алып "тиін" бұзылмауы мүмкін Фото: sputniknews.kz

Алматыдағы атақты арт-нысан  алып тиін бұзылмауы мүмкін. Алып мүсіннің тек бет-бейнесі өзгеретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі таңда арт-нысан авторы Алекс Ринслермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл мүсінге рестайлинг жасалуы мүмкін",  дейді қалалық мәдениет және архив басқармасынан.

Айта кету керек, Алматыда Атакент маңында пайда болған алып тиін мүсінін орнатуға 23 млн теңге жұмсалған. Мүсін авторы белгілі урбанист Алекс Ринслер өзінің жұмыстарын әдетте біраз уақыттан соң өртеп жіберетін. Алматылық тиін көктемде алынып тасталады деп келісілген болатын.

Қала ортасында пайда болған қымбат мүсін көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Қала әкімі Бауыржан Байбек арт-нысан туралы арнайы түсініктеме де берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу