Дизайнерлер мен табиғат жанашырлары осындай бастама көтерді. Жоспар бойынша тұрмыстық қолданыстан қалған пластикалық құтылар қайта өңделеді. Сөйтіп олардан түрлі-түсті жапсырмалар құйылады. Бұл үшін қаланың әр жеріне пластик ыдыс қабылдайтын контейнерлер орнатылмақ, деп хабарлайды 24.kz.
Ал осы игі бастаманы жүзеге асыруға 10 млн теңге қажет, дейді ұйымдастырушылар. Алайда қала бюджетінен бір тиын да жұмсалмайды. Қажетті қаражатты жинау науқаны арнайы ашылатын "старт-тайм" веб-платформасында жүргізілмек.
"Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады. Қала экологиясын жақсартуға аз да болса үлес қосамын десеңіз, қалаған қаржыңызды аударсаңыз болады. Немесе пластикалық құтыларды жинап, оларды қабылдайтын арнайы жерлерге өткізсеңіз жеткілікті",– дейді краундфандингтік платформаның бас директоры Азиза Өтегенова.