Алматыдағы арбатта жігіт пен қыздың төбелескен видеосы тарады

409

Қыз бен жігіттің арасындағы жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Алматыдағы арбатта жігіт пен қыздың төбелескен видеосы тарады Фото: Бейнежазбадан

Қыз бен жігіттің төлебесі әлеуметтік желіде тарады. Видеода көргеніміздей жігіт қызды бірнеше рет соққаны анық көрінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатқанын түсіндірді.

"Оқиғаның объективті мән-жайлар анықталып жатыр. Кінәлі адам міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады", – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу