Алматы қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматыдағы ҰҚК өкілдерінің көмегімен арнайы операция жүргізді.
Нәтижесінде 1984 жылы туған ер адам ұсталды. Оның үйінен сегіз мылтықты карабин, бір мылтық, оптикалық көздеуіш пен екі аңшылық пышақ табылып, тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев осыған қатысты ақпарат берді.
"Жедел мәліметтерге сәйкес, бұл қарулар 2022 жылдың қаңтарында мегаполистегі қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелген болатын", – деді.