Алматыдағы әскери бөлімде граната жарылды

1545

Граната қауіпсіз жерде жарылған, бірақ та окоптағы екі әскери оның жарықшағынан жарақат алған.

 Алматыдағы әскери бөлімде граната жарылды

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің №2027 әскери бөлімінде әскери гранатаны лақтыру бойынша жоспарлы сабақ барысында екі әскери қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Бейсенбі күні таратылған ақпарға сәйкес, әскери  бөлім командирінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Сергей Смицких  әскерге жаңадан алынғандарды қорғаныс гранатасын окоптан  лақтыруға үйретіп жатқан.       

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бір сарбаз шығыршығы ашылып қойған гранатаны аяғының астына түсіріп алған.          

"Мұны байқап үлгерген полковник Сергей Смицких гранатаны қауіпсіз жерге лақтырып, сарбазды өз денесімен жауып үлгерген. Граната қауіпсіз жерде жарылған, бірақ та окоптағы екі әскери оның жарықшағынан жарақат алған", – деп жазылған хабарламада.

Әскери қызметкерлерге кезекші дәрігер  алғашқы көмек көрсетіп, кейін олар ҰҚК-ның госпиталіне жеткізілген. Жарақат алғандардың  жағдайлары  бірқалыпты деп жазылған хабарламада.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу