Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз оқ тиіп, қайтыс болды

746

Алматыдағы 3 650 әскери бөлімінде сарбаз өзін атып алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз оқ тиіп, қайтыс болды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы, (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу