Алматыдағы әскери госпиталь жаңа жабдықпен толықты

649

Емдеу мекемесіне Aeomed VG70 сараптамалық сыныптағы өкпені жасанды желдетудің көпфункционалды аппараттары, Lodgiq S8 ультрадыбыстық диагностика жүйесі келді.

Алматыдағы әскери госпиталь жаңа жабдықпен толықты

Алматы қаласындағы Әскери клиникалық госпитальде медициналық жабдықты орнату мен тестілеу жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа үлгідегі BTL-08 электрокардиографты, артериялық қысымды бақылау модулі бар велоэргометрді, арнайы жүгіру жолын (тредмил-тест) қолданудың арқасында жүрек-қантамыр жүйесін диагностикалау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейеді.

Созылмалы гемодиализ жүргізу үшін госпитальға Bbraun (Германия) неміс фирмасының Dialog+ пен плазмаферезаға арналған Haemonetics PCS2 (США) аппараты түсті. Сонымен қатар әскери дәрігерлер оптикалық бейненің жоғары сапасын қамтамасыз ететін "OPMI Movena" (Германия) операциялық микроскопы болып табылатын "Лидмелт" плазмасының еріткішін алды.

Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталінің экстракорпоралдық детоксикация және гемодиализ бөлімшесі, күштік ведомстволарының медициналық мекемелерінің ішіндегі жалғыз бөлімше.

Естеріңізге сала кетейік, COVID-19 індетінің белең алған кезінде Алматы қаласының 800-ге жуық тұрғыны әскери госпитальда ем алды. Олардың 40%-ы ауыр жағдаймен келді. Сондықтан заманауи жабдықтардың түсуі, науқастарды шұғыл емдеу мүмкіндіктерін едәуір арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу