Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға Құрлық әскерлері әскери институтында тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"20 шілдеде Құрлық әскерлері әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік жөніндегі оқу-жаттығу барысында курсанттардың бірінің қару ұстау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауының салдарынан автоматтан оқ оқыстан атылған", – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінен.
Оқ екінші курсанттың аяғына тиген. Ол жедел түрде Алматы қаламының Әскери клиникалық ауруханасына жеткізілген. Қазір курсант сонда емделіп жатыр.
"Курсанттың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Оқыс оқиға туралы ата-аналарына хабар берілді. Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп қосты министрліктен.
Аян Бекенұлы